2025 жылғы 14 мамырда Алматы облысы аумағында облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейд жүргізді.
Іс-шара барысында 70 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың ішінде 5 жағдай – көлік құралын масан күйде басқару, сондай-ақ 5 автокөліктің әйнектерін заңсыз қараңғылату фактісі тіркелді.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері – жүргізушілердің рөлде отырып мобильді телефон пайдалануы, көлік құралдарын белгіленген талаптарға сай келмейтін түрде қайта жабдықтау, тиісті құжаттарсыз көлік басқару және басқа да бұзушылықтар анықталды.
– Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – тек құқықбұзушыларды жазалау емес, сонымен қатар алдын алу. Біз жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейміз, – деп толықтырды полицейлер.
Мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіліп, өңірде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/997196?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау