Алматы Шанхайда серіктестік туристік алаң ашады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың маусым айында Шанхайда Алматының туристік алаңы ашылады. Бұл қаланы шетелде таныту мен Қытаймен әріптестікті дамыту жолындағы жаңа маңызды қадам.

Тұсаукесер Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді. Қонақтарға Алматының туристік бағыттары, көрікті орындары, мәдени шаралары мен асханасы таныстырылады. Жеке кеңестер ұйымдастырылады, сондай-ақ, фото, бейне және қала туралы пайдалы ақпарат ұсынылады.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Оның аясында Алматы қаласының туризм басқармасы мен Шанхайдың туристік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.

Екі ел арасындағы туризмді дамытуға серпін беретін тағы бір фактор — Алматы мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейстерінің іске қосылуы болмақ. China Eastern Airlines әуе компаниясы жақын арада тұрақты рейстерді бастауды жоспарлаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-tourism/press/news/details/997311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version