Рабат, 2025 жылғы 15 мамыр – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Б.Арын Марокко Корольдігінде жұмыс сапармен болды.
Сапар аясында Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Р.Әл Талби, Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар министрі Н.Бурита, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысы Р.Арраш, Ауыл шаруашығын зерттеу жөніндегі ұлттық институтының директоры Л.Ғаути және Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) Бас директоры А.Абусаббамен кездесті.
Кездесулерде марокколық тарап Қазақстанның АҚИҰ шеңберінде белсенділігін ерекше атап, Марокко Ұйымның түрлі жобаларына, әсіресе Африка құрлығына көзделген жобаларға қатысуы, атап айтқанда фосфатқа бай ел ретінде ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш жеткізу саласында ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/998068?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау