Соңғы жылдары байланыс сапасы мен мобильді Интернетке қол жетімділік қалаларда да, ауылдық елді мекендерде де өмірдің маңызды аспектілеріне айналды. Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы осы көрсеткіштерді жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Басқарманың мәліметінше, 2024 жылы облыс бойынша базалық станцияларды жаңғырту жүргізілді, бұл мобильді желіні қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Биылғы жылы 4G стандартының 96 базалық станциясын орнату және жаңарту, 5G желісінің қамту аймағын 82 базалық станцияға дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл пайдаланушылар үшін бұрынғыдан да жақсы және тұрақты интернет байланысын қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылы жоспарда көзделген 25 базалық станцияда 5G стандартының байланысы енгізілді. осылайша, қазіргі уақытта Ақтөбеде 5G стандартының 82 базалық станциясы жұмыс істейді.
Аудандарға келетін болсақ, мобильді интернет облыстың 311 ауылдық елді мекенінің 266-сын қамтиды. Биыл жоспарланған 25 ауылдың 9-ы қосылды. Қалған елді мекендерде жұмыстар жалғасуда.
Халық саны 100 адамнан кем 29 ауылда кең жолақты интернет-қызметтерді ұсыну үшін спутниктік технологияларды пайдалану көзделіп отыр. Қазіргі уақытта 7 елді мекен спутниктік арналар арқылы Wi-Fi желісіне қосылған.
Осылайша, жыл соңына қарай ауыл тұрғындарын мобильді интернетпен қамту 98,8% -. құрайды. Бұдан басқа, жұмыстың маңызды бөлігі республикалық автомобиль магистральдарында мобильді байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
“Маңызды көлік маршруттарындағы 17 нүктеде базалық станцияларды салу үшін жобалық құжаттар әзірленуде. Бүгінгі таңда 15 нүкте бойынша құжаттар сараптамадан өтіп, оң нәтижелерге қол жеткізді. Қалған 2 нүкте үшін мемлекеттік сараптама жүргізіледі. Екі нүкте бойынша қорытындылар маусым айында дайын болады деп күтілуде”, – деді басқарма басшысы Әсет Отарбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/997615?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау