Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, Атырау қалалық кітапханасы 2025 жылғы 16 мамырда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында кітап көрмесін өткізді.
Аталған шара қызметкерлер арасында рухани-адамгершілік тәрбиені арттыру, ақынның әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын ояту мақсатында өтті.
Шара барысында қалалық кітапханның кітапханашысы Айгүл Қайратқызы Абай Құнанбайұлы туралы бірқатар дерек айтып, өмірбаяны, шығармаларына тоқталып, ақпараттармен бөлісті.
Бұл шара Абайдың асыл сөздері мен ақыл-ойының бүгінгі күнмен үндестігін көрсетіп, ақынның рухани әлеміне терең үңілуге мүмкіндік берері мол болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/997770?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау