Аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың Нұра ауданының тұрғындарымен кездесуі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың Нұра ауданының тұрғындарымен кездесуі басталды. Соның аясында Қарой, Заречное, Тассуат, Кәрім Мыңбаев, Кертінді және Ақмешіт ауылдарына шығу жүзеге асырылды. Кездесу барысында аудан басшысы ауылдық округ әкімдерінің өткен жылдағы, сондай-ақ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдады. Ауыл тұрғындары жер пайдалану, жұмысқа орналасу, қоқыс шығару, жолдарды жөндеу және тұрғын үй кезегіне қатысты мәселелерді көтерді. Аудан әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, жедел шешуді талап ететін мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Ал ұзақ мерзімді қарауды талап ететін мәселелер хаттамада тіркеліп, тиісті органдарға жіберілді. Кездесуге әкімдермен бірге білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларының басшылары қатысты. Бұл тұрғындардың мәселелерін жергілікті деңгейде талқылауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік берді. Осындай кездесулер  халықпен тығыз байланыс орнатуға, жергілікті жерлерде жинақталған проблемаларды уақтылы анықтауға және шешуге мүмкіндік береді. Әкім мен халық арасындағы тікелей диалог – ашықтық пен сенімге негізделген мемлекеттік саясаттың маңызды үлгісі.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-akmeshit/press/news/details/998205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version