Аягөз ауданындағы білім беру ұйымдарының жай-күйі қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Абай облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауржан Туленов Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар білім беру ұйымдарының жағдайымен танысты. Сапар аясында басқарма басшысы №1 бөбекжай-балабақша, №7 мектеп, аудандық өнер мектебі, «Айым» жеке меншік мектеп-балабақшасы және қалалық қазақ мектеп-лицейіне барды.

* №1 балабақшада инженерлік жүйелердің тозғаны, ғимаратқа жөндеу қажет екені анықталды. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, бюджеттік өтінім берілген.

* №7 мектеп 1929 жылы салынған. Жобалық қуаты – 418, ал нақты оқушылар саны – 781. Мектепке жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

* Өнер мектебіне жаңа ғимарат қажет екені айтылды. «Айым» мектеп-балабақшасында 240 бала тәрбиеленуде, қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.

   Қазақ мектеп-лицейінің оқу-тәрбие жұмысына оң баға берілді.

   Сапар барысында Бауржан Туленов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа білім ордасының құрылыс алаңына да барды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мектепті 2025–2026 жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарланған.

   Сапар қорытындысында инфрақұрылымды жаңарту және білім сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берілді. Аудан бойынша 38 мектеп бар, онда 1841 педагог қызмет етеді. Үш мектеп реновацияға енді.

   АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

  #АбайОблысыБілімБасқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/998098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version