«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15, 28, 30 баптарына және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу» Қағидаларының 101 тармағына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен
2025 жылдың 15 мамырынан бастап Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Ақбаев Нұрпеис Оразханұлы тағайындалды.
Ақбаев Нұрпеис Оразханұлы – 1975 жылы 2 желтоқсанда ОҚО, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін «Халықаралық экономикалық қатынстар экономисті» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы.
Еңбек жолы: 1994 жылы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы бойынша салық инспекциясында салық салу инспекторы болып бастап, әрі қарай Шымкент қалалық салық комитетінде, Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау қалалық және Түркістан облыстық кірістер басқармаларында салық инспекторы, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылға 2 шілдеден осы уақытқа дейін Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып қазмет атқарып келген.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/997566?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау