Бассейндер мен аквапарктердегі санитариялық нормалар туралы не білу керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жүзу — бұл жай ғана спорт емес. Бұл – денсаулық, демалыс және алдын алу шарасы. Дегенмен, судың жағымды әсерінің артында, әсіресе қоғамдық бассейндер мен аквапарктерде, санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталмауы денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
Жүзудің пайдасы дәлелденген: жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерін нығайтады, төзімділікті арттырады, күйзелісті азайтады және жалпы жағдайды жақсартады. Алайда санитарлық талаптар сақталмаса, су түрлі қауіпті аурулардың көзіне айналуы ықтимал.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы келесі аурулардың таралуына әкелуі мүмкін – жұқпалы аурулар (дизентерия, іш сүзегі, вирусты гепатиттер); паразиттік аурулар (энтеробиоз, аскаридоз); тері мен шырышты қабықтардың саңырауқұлақ инфекциялары.
Бассейндер мен аквапарктерді орналастыру мен жабдықтауға қатаң талаптар қойылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі №67 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес, барлық бассейндер мен аквапарктер коммуналдық мақсаттағы нысандарға жатады және мынадай нормаларды сақтауға міндетті:
Ғимарат ішіндегі бөлмелер мынадай реттілікпен орналасуы тиіс: киім шешетін бөлме — душ — бассейн.
Еден жабындары мен айналма жолдар дезинфекциялық құралдарға төзімді әрі оңай тазаланатын болуы керек.
Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су рециркуляциясы жүйесі қолданылады. Ал көлемі 70 м³-ке дейінгі шағын бассейндерде үздіксіз ағынмен қамтамасыз етіледі.
Суды залалсыздандыру үшін рұқсат етілген әдістер пайдаланылады: хлорлау, озондау, ультракүлгін сәуле және басқалар.
Рециркуляция кезінде әрбір 8 сағат сайын кемінде 10% таза су қосылуы тиіс.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бассейн немесе аквапарк таңдағанда келесі жайттарға назар аударуға кеңес береді – душ бөлмелерінің және басқа аймақтардың орналасу тәртібі; киім шешетін бөлмелер мен санитарлық аймақтардың тазалығы; судың мөлдірлігі және хлор иісінің тым өткір болмауы; қаптама материалдары мен жабдықтардың ақаусыздығы; медициналық персоналдың немесе фельдшердің бар-жоғы.
Қызметкерлердің адал жұмысы мен келушілердің жауапкершілігі жағдайында жүзу – қауіпсіз әрі пайдалы іс болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/998220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version