ДЧС Алматы: вместе за безопасность!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жер сілкінісі кезінде әрекет ету бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Mega Alma-Ata» сауда-ойын-сауық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, жер сілкінісі кезінде әрекет ету бойынша профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара сауда орталығының қызметкерлері мен келушілерін біріктіріп, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуда маңызды қадам болды.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары жоғары деңгейде белсенділік танытты. Келушілер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз білімдерімен бөлісті. «Іс-шараға қосылған әрбір адамға алғысымызды білдіреміз. Біз бірге Алматыны қауіпсіз етеміз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын төтенше жағдайларға дайындықтарын арттыруға шақырады. Мұндай іс-шараларға тұрақты қатысу, мінез-құлық ережелерін үйрену және отбасымен әрекет ету жоспарын талқылау қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/997776?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version