Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – еңбек пен жұмысшы мамандықтары өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесін ерекше мойындаудың символы.
Бейбіт заманның батырлары, тілсіз жауға қарсы тұра білген құтқарушылардың ерлігін, қызметін жас буынға насихаттау, қауіпсіздік шараларын үйрету, құтқарушылардың қызметімен таныстыру мақсатында Доссор кенті №16 ӨСБ ашық есік күні өтті.
Жаңадан ашылған өрт сөндіру бекетінің ең алғашқы қонақтары Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары болды.
Қатысушыларға «Азаматтық қорғаныс», «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Сейсмоқауіпсіздік» және «Академияға оқуға түсу» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бөлім қарамағындағы техникалар, құрал-жабдықтар, құтқарушылардың жауынгерлік киімдерімен таныс болып, өрт сөндіруші-құтқарушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Іс-шара барысында оқушылар өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет ережелерін жақсы меңгеру мүмкіндігіне ие болды.
Атырау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/997683?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау