КЕЛЕШЕККЕ КЕМЕЛДЕНГЕН ҮШ АУЫЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі биылғы жылды “Профилактика жылы” деп жариялады. Осыған орай Төлеби ауданында қоғамда құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында бірқатар іс-шаралар қолға алынды.
Соның жарқын көрінісі ретінде Зағамбар, Алғабас және Тағайна ауылдары ішімдіксіз өмір салтын таңдап, “Келешекке кемелденген үш ауыл” атты бастамаға бірауыздан қолдау білдіріп отыр. Бұл – ел болашағына жасалған маңызды әрі тарихи қадам.
Осыған байланысты бүгін, аталған ауылдардың “ішімдіксіз ауыл” мәртебесін иеленуіне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев қатысып, ауылдық округтегі қоғамдық жұмыстан тыс қалмай, көптеген игі істердің жүзеге асуына ұйытқы болып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының “Алғыс хатын” табыс етті.
Сондай-ақ, ел бірлігінің, ағайынның татулығын сақтап, ауданымыздың өркендеп дамуы жолында еңбек етіп жүрген азаматтар Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М. Қабденовтің, «AMANAT» партиясының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиынға арнайы келген қазақ өнерінің жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева және аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/998132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version