МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 17 мамыр күні Мақтаарал ауданының аумағында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары белсенді түрде жүргізілді.
Бұл іс-шара елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындарды табиғатты қорғауға бағытталған игі бастамалардың бірі болып табылады.
Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының өкілдері, жастар ұйымдары, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған жалпы саны 1256 адам белсене атсалысты. Аталған шараға 12 дана арнайы техника (жүк көліктері, тракторлар, тиегіштер және т.б.) жұмылдырылып, қалдықтарды тасымалдау және көше бойын тазарту жұмыстары тиімді ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аудан аумағынан жалпы көлемі 14,9 тонна күл-қоқыс шығарылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілді. Сонымен қатар, 45 шақырымға жуық автомобиль жолының бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жол жиектері мен жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтірілді.
Тек қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау ғана емес, жасыл желектерге күтім жасау жұмыстары да назардан тыс қалмады. Ауылдық округтер мен елді мекендер аумағында ағаш көшеттерін суару, түптеу, артық бұтақтарды кесу сияқты күтім жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстары барысында тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптап тастау, экологиялық сауаттылықты арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай сенбіліктер – тек тазалықты сақтау шарасы ғана емес, сонымен бірге қоғамның бірлігін, ортақ іске жұмыла білуін көрсететін игі дәстүр. “Таза Қазақстан” акциясы аясында өткізілген бұл сенбілік – аудан тұрғындарының табиғатқа деген жанашыр көзқарасының, туған жеріне деген сүйіспеншілігінің көрінісі болды.
Аудан әкімдігі алдағы уақытта да мұндай экологиялық бастамаларды жалғастырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
 
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/998178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version