Өскеменде «New Generation» облыстық IT- фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы алаңында мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында «New Generation» IT-фестивальі өтті.

Көрмеде білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар ұсынылып, талқыланды, оқушылар IT-жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты.

Көрмеге қатысушылар өз жұмыстарын 4 секторда таныстырды – «Maker Fest», «Junior Skills», «Robotime», «ClusterPro».

«Жұмысшы мамандықтар жылы» бағдарламасы аясында «Болашақ мамандары» жол картасын іске асыру бойынша жаңа жұмысшы мамандықтар Атласы ұсынылды. Атлас Глубокое, Катонқарағай, Самар, Тарбағатай, Ұлан және Шемонаиха аудандарын қамтиды.

Салтанатты бөлімде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева көрме қатысушыларына құттықтап, «SKILLS FOR GEEKS-2025» облыстық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады.

Алтай ауданының командасы 10+ және 14+ санаттары бойынша ІІІ орын алып, қола медальдар жиынтығын, кубоктар мен бағалы сыйлықтар – смарт-сағаттар иеленді. Риддер қаласының құрама командасы (10+) және 14+ санатындағы команда ІІ орынды иеленіп, күміс медальдар жиынтығын, кубоктар мен бағалы сыйлықтар – құлаққаптармен марапатталды. Өскемен қаласының құрама командасы (10+ санаты бойынша) және Глубокое ауданының құрама командасы (14+ санаты бойынша) чемпионат жеңімпаздары атанып, алтын медальдар жиынтығы мен бағалы сыйлықтар – ақылды колонкаларға ие болды.

Көрме аясында облыс педагогтері арасында өткен «ŞYĞYS ÖRKENІ -2025» облыстық хакатонының жеңімпаздары да марапатталды.

ІІІ орынды иеленген Самар ауданының «Favorite» құрама командасы дипломдар мен бағалы сыйлықтар – Power bank алды.

ІІ орынды иеленген Үлкен Нарын ауданының «ULKEN NARYN team» командасы дипломдар мен бағалы сыйлықтар – графикалық планшеттерге ие болды.

І орынды жеңіп алған Күршім ауданының «ПАЗЛ» командасы дипломдар мен құнды сыйлықтар – құжат камераларымен марапатталды.

«Креативті шешім» номинациясы бойынша «ОСШЛМФИ» командасы – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ бағалы сыйлық – портативті колонкаларға ие болды.

Облыс педагогтері арасында өткен «IT-Ūstaz 2025» байқауының жеңімпаздары:

* ІІІ орын иегері — Тарбағатай ауданының Абай атындағы орта мектеп мұғалімі Гүлмира Ешеева

* ІІ орын иегері — Өскемен қаласының №7 орта мектеп мұғалімі Гаухар Нұрғалиева

* Байқау жеңімпазы — Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы №44 лицейдің мұғалімі Назерке Мырзахметова

Көрме қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT жобаларды анықтады, ал «Көрермендер көзайымы» жүлдесі көрмеге келушілердің онлайн-дауыс беруі арқылы анықталды.

«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директоры С.Н. Коваленко Үздік     IT-жобалар көрмесінің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтарға дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Байқау жеңімпаздары:

* Гран-при – «Ақылды ферма» жобасы, Табрағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ оқушысы Рысбек Ернұр.

* І орын – «Сандық Өрт сөндіруші: Өрттің бастапқы белгілерін анықтау жүйесі» жобасы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ оқушысы Звонов Артур.

* ІІ орын – «Көру қабілеті нашар адамдарға арналған білезік» жобасы, Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 Күршім гимназиясы» КММ оқушысы Құрметқызы Кәусар.

* ІІІ орын – «Oblivion Academy» білім беру платформасын геймификациялау» жобасы, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ оқушылары Гусляков Глеб, Малахов Сергей, Ушанов Василий.

* «LEGO Mindstorms EV3 квадрокоптері» жобасы көрермендердің көңілінен шықты, жоба авторы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Қойшыбек Ғасырбек.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/997900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version