Қала тұрғындарымен кезекті кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Суық бастау кентінің тұрғындарымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Олардың қатарында бұған дейін жеке қабылдауға келіп, белсенділік танытқан азаматтар да бар.

Кездесу барысында кент тазалығы, балаларға арналған ойын алаңының қажеттілігі, көше жарығы, қоғамдық көліктің жүруі, аялдама, жолдардың жағдайы, азық-түлік бағасы және жылу қазандығын салу мәселелері қозғалды.

«Кенттің кішкентай тұрғындары үшін ойын немесе workout алаңын орнатамыз. Ол үшін тұрғындар өзара келісіп, барлығына ыңғайлы орынды белгілеп берсе деген ұсынысым бар. Алдағы сенбіде сенбілік аясында Суық бастау кентіне арнайы келеміз. Жол мәселесіне келсек, тегістеу жұмыстары жүргізіліп, қиыршық тас төселеді», -деді Бекжан Бапышев.

Сондай-ақ, қосымша интернет бағаналарын тарту және бейнебақылау камераларын орнату бойынша да нақты шешім қабылданды. Бұл жұмыстар тиісті мердігер ұйыммен бірлесе жүзеге асырылмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/998123?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version