2025 жылғы 16 мамырда Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында Байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Ильницкий Константин Павловичтің төрағалығымен «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ және өзге де байланыс операторларының үздік қызметкерлері марапатталды. Өңірдің байланыс инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін оларға облыс әкімінің және басқарма басшысының алғыс хаттары табысталды.
Байланыс – экономиканың, қоғамдық өмірдің, ұлттық қауіпсіздіктің, сондай-ақ цифрлық технологияларды дамыту мен заманауи ақпараттық қоғам қалыптастырудың маңызды құралы. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың және азаматтардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, инновацияларды енгізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Байланыс қызметкерлері күнін атап өте отырып, телекоммуникация жүйелерінің тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін мамандардың еңбегінің маңыздылығы ерекше атап өтіледі. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен технологиялық шешімдерге ұмтылысы барлық саланың орнықты дамуының негізі болып табылады.
Бұл мереке – сала ардагерлері мен қазіргі қызметкерлеріне алғыс білдіру ғана емес, сонымен қатар жастардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы болашағы зор мамандықтарға қызығушылығын арттыру мүмкіндігі. Кадрлық әлеуетті дамыту – өңір мен елдің цифрлық трансформациясының табысты жүзеге асырылуының маңызды шарты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-digital/press/news/details/997517?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау