«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» олимпиадасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ХАБАРЛАНДЫРУ !

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығы 2025 жылғы 23–27 маусым аралығында шетелдегі қазақ жастарына арналған XXII Халықаралық «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» олимпиадасын (Павлодар облысында) өткізеді.

 Бұл іс-шара қазақ тілі мен мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікті ұлықтап, елден жырақта жүрген жас ұрпақтың туған жермен байланысын тереңдетуге бағытталған.

 

  • Олимпиадаға қазақ диаспорасының 14-18 жас арасындағы оқушылары қатыса алады.
  • Әрбір команда құрамында 8 оқушы мен 2 жетекші болады.
  • Олимпиада үш турдан тұрады.
  • Қазылар алқасы үш тур нәтижесі бойынша Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
  • Олимпиадаға қатысушылар мен олардың жетекшілерінің іс-сапар шығындары (барып-келу жолы) жіберуші жақ есебінен төленеді.
  • Олимпиада өтетін уақытта қатысушының жатын орны мен тамақтануы ұйымдастырушы есебінен төленеді.
  • Бұл іс-шараға қатысу үшін жазбаша сұраныс ұйымдастыру комитетіне Олимпиада басталуынан 3 апта бұрын жіберілуі қажет.

 

Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мекен- жайы:

010011 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел 8/2,                      тел. +7 (7172) 57-65-63,  e-mail:info@daryn.kz;

 

Олимпиаданың ережесі және шарттары туралы толық ақпаратты www.daryn.kz сайтынан алуға болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/997172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version