«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогына» арналған шағын футболдан турнир өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы органдары мен күштік құрылымдары қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогына» арналған шағын футболдан турнир өз мәресіне жетті.
16 – 18 мамыр аралығында өткен республикалық деңгейдегі байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен келген құқық қорғау, арнайы органдары мен күштік құрылымдарының қызметкерлері бақ сынасып, мықтылар анықталды.
Турнирге қатысқан 11 команда бір-бірінен шеберліктері арқылы асып-түсіп, жеңіске жету үшін барын салды.
Екі күнге созылған сайыс өте қызу, тартысты өтті. Алайда, шеберлігі асқан, айласы мен күші басым деген командалар жеңіске жетті.
Тартысты өткен трунирде ең мықты дайындалған 3 команда жүлдеге қол жеткізді.
11 команда қатысқан спорттық бәсекенің нәтижесінде 1 орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрама командасы қанжығасына байлады. Жүлделі 2 орынды Ішкі істер министрлігінің құрама командасы иеленсе, 3 орын Корғаныс министрлігінің құрама командасына бұйырды.
Жекелеген аталымдар бойынша да үздіктер анықталды. Үздік шабуылшы – Корғаныс министрлігінің құрама командасының ойыншысы Қаденов Ернар Алейдарұлы, Үздік қорғаушы – Мамандырылған күзет қызметінің құрама командасының ойншысы Садықбеков Бақыт Ғалымжанұлы, Үздік қақпашы болып Ішкі істер министрлігінің құрама командасының ойыншысы Ерсінбетов Саттархан Берікбайұлы танылды.
Жарыс өзара сыйластық пен әділ бәсекеге негізделіп, қатысушыларға және көрермендерге жағымды көңіл – күй мен жарқын әсер сыйлады.
Турнирдің жабылу салтанатында сөз алған Қызылорда облысының Бас полицейі полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Сыр өңірінде ұйымдастырылған дода тартысты өтті. Тартысты ойын өрнегін көрсеткен жеңімпаздар арнайы дайындалған медальдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/998116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version