Қазақстанның Елшілігі Парижде өткен халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2025 жылғы 17 мамыр – Қазақстанның Франциядағы Елшілігі Париж қаласының 17-ші округі мэриясы ұйымдастырған “Maillot à table” атты алғашқы халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысты.
Іс-шараның мақсаты – әртүрлі елдер мен мәдениеттердің өкілдерін біріктіре отырып, Париж тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағам дәстүрлерін таныстыру болды.
Іс-шараның арнайы қонақтары ретінде Париж қаласына жұмыс сапарымен келген бір топ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен айтыскерлер қатысты.

Фестиваль аясында Қазақстан стенді ерекше қызығушылық тудырды. Атап айтқанда, Port Maillot алаңында арнайы орнатылған қазақ киіз үйінде қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ  ссалт-дәстүрлерімен жақынырақ танысты.

Іс-шараның ән-би бөлігінде Елшілік жанындағы «Абай» мәдени орталығының оқушылары бірқатар күйлерді тартты, ал қазақстандық студент, әнші Гаухар Рүстемқызы қазақ және француз әндерін орындады.
Сондай-ақ, ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен айтыскер Дидар Камиев жыр-термелер орындап, көрермендерді қазақтың  поэзиялық өнерін таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/998090?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version