САЙЛАУ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
САЙЛАУ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТУДЕ
Тамды елді мекеніндегі №309 сайлау учаскесінде 89 сайлаушы бар. Учаскелік сайлау комиссия төрағасы Арман Бекениязовтың мәлімдеуінше, ауылға 90 бюллетень келді. Үйден дауыс беруге өтініш білдірген тұрғындар — 2 адам. Сағат 9.30-ға дейін 35 сайлаушы дауыс берді.
Мұнда көру, есту қабілеті зақымданған жандарға да дауыс беру бұрышы ұйымдастырылған.
Байқаушы ретінде «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігі атынан Айнаш Бахраддинова қатысуда. «Сайлауда заңға қайшы іс-әрекеттер орын алған жоқ»,- дейді байқаушы.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/998010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version