Семейде жаңа мәдени нысандар салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспары туралы баяндамасында аймақтың мәдениет және спорт саласында іске асырылатын жобалар туралы айтты.

Семейде 530 орындық жалғыз театр үш ұжымға бірдей қызмет етеді. Бұл мәселе Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан да көтерілді.

Филармония ғимараты 1991 жылдан бері жөнделмеген, Абай атындағы кітапхана 1974 жылғы ғимаратта орналасқан. Мәдениет нысандарының жағдайын жақсарту үшін биыл бірқатар жобалар қолға алынады. Абай ауданындағы мәдениет үйінің жабдықтары жаңартылады, Бородулиха ауданының Камышенка ауылында клуб салынады. Мақаншыдағы «Інжу-маржан» ансамбліне музыкалық аспаптар алынады, Бесқарағай ауданындағы Беген ауылында, Глуховка және Ерназар ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы басталады.

«Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет Басшысының қолдауымен «Абайға құрмет» республикалық акция аясында еліміздің өзге өңірлері Семей қаласында музыкалық мектеп, облыстық орталық кітапхана, шығармашылық сарайы, өлкетану музейі, көрме орталығы және амфитеатр салатын болады», – деді аймақ басшысы.

Аймақта спорт саласына да ерекше ден қойылған. Аудандарда жүзу бассейні, модульдік спорт залы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені сияқты бірқатар нысандардың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Водный және Бобровка кенттерінде спорт кешендерінің іргетасы қаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/998224?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version