ШАРУАЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ШАРУАЛАР ДАУЫС БЕРДІ
Бұлан ауылдық округіндегі әкім сайлауына “Бұлан” шаруа қожалығы ұжыммен келіп дауыс берді. Еңбекқор әріптестерін Мақсот Досалиев бастап келді.
“Бұлан” қожалығы – округтің тамырына қан жүгірткен бизнес – жоба. Қазір жайлауда 350 бас ақбас тұқымды ірі қара жайылып жүр. Оның 270 – сі – аналық.
Ұжым 180 бас сиырдан 160 бұзау алған Тұрар Ғабдуллин сияқты малшысымен, Ербол Жасталаптай механизаторларымен, Рамиль Молдашев сияқты дәнекерлеуге де, ұсталыққа да бесаспап мамандарымен мақтанады.
ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады.
Өздеріне жасалған құрметті, бөлінген көңілді бұландық шаруалар сезінеді.
Бүгін олар да елдік іске уақыт тауып, алдымен сайлау учаскесіне соғып дауыс беріп, әрі қарай қызметтеріне кетті.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
Айман ӨТЕҒАЛИЕВА

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/998008?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version