12.05
Павлодар облысы
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады.
12.05
Астана
Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен Су ресурстары және ирригация министрлігі жалпы ұзындығы 6000 шақырымнан асатын 1485 суару арнасын жаңғыртуды қолға алды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарына Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
13.05
Астана
Былтырғы қазан айынан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі су аз болған кезеңдерде толтырылмаған сағалар мен көлдерге 15,7 млрд текше метр еріген қар суын жіберді. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысына қатысып, еліміздегі суару кезеңі туралы айтты.
14.05
ҚХР
Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды. Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған болатын.
15.05
Жамбыл облысы
Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді. Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі таңда өңірдегі 15 мың гектар егіс алқабы суарылды.
15.05
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңғырту бойынша 214 жоба әзірлеп жатыр. Жобалардың ішінде 21-і жалпы көлемі 1,8 млрд текше метр болатын су қоймаларын салу және қайта жаңғыртуға арналған.
16.05
Қызылорда облысы
Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңіне кірісті. Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесті.
16.05
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су саласын дамытуға 12 млн доллардан астам грант тартты. Мысалы, Францияның даму агенттігі Балқаш көлін сақтап қалуға арналған мастер-жоспарды дайындауға 1,35 млн еуро көлемінде грант бөлді. Ал «Қазақмыс» корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін қорғау үшін 5 млн доллар бөледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/998140?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау