Субұрқақтар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Субұрқақтар шомылуға арналмаған, ол тек қаланың көркін келтіретін архитектуралық дизаин мақсатында қолданылады.

Жазғы маусымда күннің ыстық болуына байланысты, кейбір адамдар, әсіресе балалар субұрқақтарындағы сумен салқындағанды жөн көреді.

Су бұрқақтарында шомылу қауіпсіз емес, себебі судың көп тұруынан және үнемі тазаланбағандықтан плиткалардың үстінде тайғақтық шырыш пайда болуы мүмкін, осының салдарынан адам тайып құлап жарақат алуы мүмкін.

Сонымен қатар, су бұрқақтарына әртүрлі жұқпалы және паразитарлық ауруларды тасымалдауы мүмкін құстар мен ит-мысықтар түсуі мүмкін.

Су бұрқақтарындағы су бассейндердегі су сияқты үнемі ауыстырылмайды және залалсыздандырылмайды. Сондықтан адамдар субұрқақтардың суына түскен кезде ішек жұқпасының бактериялары, вирустық гепатит «А», энтеровирустық және серозды менингит жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтырып алуы мүмкін. Көптеген жұқпалы аурулар ауыр хәлге шалдықтырып, мүгедектікке немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

 Облыс көлемінде 13 субұрқақ бар, олар Талдықорған қаласында-8, Текелі, Үштөбе және Сарқан қалаларында-1, Үшарал қаласында-2.

Субұрқақтардың қосылуы кезеңінде судың қауіпсіздігін анықтау мақсатында аумақтық басқармалармен санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында субұрқақтардан су сынамалары микробиологиялық, химиялық, паразитологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге су сынамалары алынып, зерттеледі.

Балаларға субұрқақтарда шомылуға рұқсат бермеңіз және зардаптары жайлы ойланыңыз.   

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/997733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version