Талдықорғанда тұңғыш рет Халықаралық инклюзивті этно көрмесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жетісу өлкесінің Талдықорған төрінде тұңғыш рет Халықаралық инклюзивті этно көрмесі өтті.

Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, Жетісу облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараға еліміздің әр өңірінен үздік қолөнершілері келіп, іскерлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, қолөнер көрмесінде ұлттық нақыштағы бұйымдар, кестелер, ағаштан жасалған жұмыстар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың шығармашылық туындылары ұсынылды.

Жетісу облысындағы этномәдени бірлестік көрмесіне қала әкімі Ернат Бәзіл, І. Жансүгіров атындағы университеттің ұстаздары мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев арнайы қатысты.

Қала әкімі өз сөзіңде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қоғамдағы маңызын, олардың жетістіктерінің басқа адамдарға үлгі болатынын және әлеуметтік қолдаудың қажеттілігін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиынның маңызды бөлігі «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігі қолөнер көрмесі болды. Бұл көрмеде мүгедектігі бар азаматтардың қолынан шыққан өнер туындылары ұсынылды. Әрбір туынды мүгедектігі бар азаматтардың жандардың өнерге деген құштарлығы мен шеберлігін көрсетіп, олардың қоғамдағы шығармашылық әлеуетін паш етті.

Іс-шара соңында шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, халық әндері мен музыкалық нөмірлер арқылы мерекелік көңіл-күйді көтерді. Концерттік бағдарлама жиынға қатысушылардың көңілін көтеріп, мерекенің маңыздылығын одан әрі айшықтай түсті.

Айта кетейік, этно көрмеге еліміздің әр өңірінен бөлек Өзбекстан, Түркия және Якутия Республикасының қолөнершілері де келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/997383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version