ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азаматтар арасында тілдік кемсітушіліктің алдын алу және оны болдырмау шараларына бағытталған кеңес өтті.
Кеңеске облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту саласына жауапты басқарма басшылары мен салалық құрылымдық бөлімшелердің мамандары қатысты.
Жиында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тілешов тіл саясатын іске асырудағы заңнамалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге енгізілген толықтылуларға тоқталып, осы бағытта тиісті ақпараттық насихат іс-шараларын жүргізу жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ кеңес барысында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілді ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыру бағытындағы идеологиялық жұмыс мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/997864?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау