2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары (ЖАО) үшін мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ХХV отырысын бейнеконференция байланысы форматында өткізді. Отырысқа Әзербайжан Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының ЖАО өкілдері қатысты.
Отырыста мына жобалар қаралды:
-
ТМД-ға мүше мемлекеттерде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясат шараларын жүзеге асыру аудитінің негізгі қағидаттары (әзірлеуші – Ресей Федерациясының ЖАО);
-
ТМД-ға мүше мемлекеттердің ЖАО қызметін стратегиялық басқаруды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар (әзірлеуші – Әзербайжан Республикасының ЖАО);
-
ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит органдары жүргізетін шоғырландырылған ақпарат аудиті бойынша әдістемелік ұсынымдар (әзірлеуші – Беларусь Республикасының ЖАО).
Талқылау қорытындысы бойынша Жұмыс тобының мүшелері жобаларды мақұлдап, оларды ТМД-ға мүше мемлекеттердің ЖАО басшылары кеңесінің мүшелерімен одан әрі келісу үшін ТМД Жоғары қаржылық бақылау органдары Кеңесі Хатшылығына жолдау туралы шешім қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/997553?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау