Ұлытауда жас ақын-жазушылардың республикалық семинар-кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлытау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» атты жас ақын-жазушылардың республикалық семинар-кеңесі өтті.

Семинар-кеңеске еліміздің әр өңірінен келген жас ақын-жазушылар, министрлік жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубы мүшелері мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алқалы жиында қаламгерлер бүгінгі әдебиеттің даму бағыты, шығармашылық ізденістер, кітап ісі, әдеби жобалар жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара барысында төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама туралы кеңінен талқыланды.

Қатысушылар екі күн бойы Жошы хан мен Алаша хан, Домбауыл кесенелері, Хан ордасы сынды тарихи-мәдени нысандарды аралап, ұлт тарихының маңызды деректерімен жақын танысты.

Іс-шара аясында облыстық «Ұлар» әдеби клубының кеңсесі ашылып, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық драма театрының қойылымы ұсынылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубы жас қаламгерлерді қолдау, тарихи, рухани мұраны насихаттау бағытында бұған дейін Астана, Алматы, Жетісу, Абай, Қарағанды облыстарында әдеби тур, көшпелі отырыстар өткізді.

Ұлытау өңіріндегі сапар туралы шығармашылық дүниелер облыс әкімдігінің қолдауымен жинақ түрінде жарыққа шығады.

Шараның басты мақсаты – Ұлытаудың тарихи, рухани және мәдени маңызын насихаттау арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту, отандық ақын-жазушылардың шығармашылығы арқылы ел рухын көтеру және Ұлытау өңірінің ұлт тарихындағы айрықша орнын кеңінен таныту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/archive/press/news/details/998351?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version