Заң және тәртіп: «Антикор» командасы жастар квиз ойынында үздік атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған интеллектуалды квиз-ойын өтті. Іс-шараға құқық және заңдылық мәселелеріне жоғары қызығушылық танытқан жастар өкілдері, студенттер мен еріктілер қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты жастар арасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Ойын ҚР Конституциясы және қолданыстағы заңнама саласындағы білімді кеңейту үшін маңызды тұғырнамаға айналды.

Квиз барысында қатысушылар елдің негізгі Заңына, салалық нормативтік актілерге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қатысты тапсырмаларды шешті. Сұрақтар теориялық білімді тексеріп қана қоймай, аналитикалық ойлау мен топтық жұмысты ынталандыратын етіп жасалған.

Ойын қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы еріктілерден тұратын «Антикор» командасы жеңімпаз атанды. Жастар дайындықтың жоғары деңгейін, эрудиция мен ұйымшылдықты көрсетті. Команда мадақтамамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың бойында заң мен адам құқықтарын құрметтеуге негізделген тұрақты азаматтық ұстанымдар қалыптастыруға ықпал етеді.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/997395?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version