Жарма ауданында грек-рим күресінен атақты балуан, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, Әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир мәресіне жетті.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей мен Тәжікстаннан жас балуандар қатысты. Бозкілемдегі бәсеке жоғары деңгейде өтіп, мықтылар анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
32 келі салмақ дәрежесі бойынша:
Алтын алқа – Ерғали Алихан (Жетісу облысы)
Күміс алқа – Ануарбеков Дарын (Абай облысы)
Қола алқа – Сарсеналин Қайсар (Ақтөбе облысы)
Қола алқа – Точигин Александр (Новосібір)
35 келі салмақ дәрежесі бойынша:
Алтын алқа – Ералы Жандос (Ақтау қаласы)
Күміс алқа – Манапов Ролан (Новосібір)
Қола алқа – Аманғали Ислам (Шығыс Қазақстан облысы)
Қола алқа – Нұртілеу Алихан (Алматы облысы)
44 келі салмақ дәрежесі бойынша:
Алтын алқа – Бөкенбай Мейірім (Алматы-Талғар)
Күміс алқа – Сауытбай Теміржан (Ақтөбе облысы)
Қола алқа – Талғат Нұрәлі (Қызылқайрат)
Қола алқа – Ким Роллан (Алматы қаласы)
52 келі салмақ дәрежесі бойынша:
Алтын алқа – Искандарзода Абдулло (Тәжікстан)
Күміс алқа – Нұрбопа Марғұлан (Жетісу облысы)
Қола алқа – Кенжеканов Адильхан (Абай облысы)
Қола алқа – Шарипов Абдукудус (Тәжікстан)
62 келі салмақ дәрежесі бойынша:
Алтын алқа – Куличев Ярослав (Новосібір)
Күміс алқа – Медеубаев Мерхат (Абай облысы)
Қола алқа – Ануарбек Әли (Алматы қаласы)
Қола алқа – Жұмағали Самат (Алматы облысы)
Жас балуандар үшін бұл турнир үлкен тәжірибе мектебі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/998248?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау