2025 жылғы 16 мамырда Новоишим ауылында “Ақ — бидай— 2025″дәстүрлі жазғы спорттық мерекесі аясында өткен жазғы Президенттік көпсайыстан ауданның жеке — командалық біріншілігі өтті.
Жарысқа ауданның түкпір — түкпірінен мықты спортшылар қатысып, жоғары дене шынықтыру дайындығын, төзімділік пен нағыз командалық рухты көрсетті.
Дружба ауылдық округі 1-ші жалпыкомандалық орынға ие болды!
Біздің спортшыларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Сіз округтің нағыз мақтанышына айналдыңыз!
Демеушілік қолдауы үшін алғыс айтамыз: “Дружба” ЖШС, “Целинное — 2004” ЖШС және “Береке — Агро”ЖШС.
Сіздің көмегіңіз бен спортты дамытуға қосқан үлесіңіздің арқасында команданы дайындау және жарыстарға сәтті қатысу мүмкін болды.
Спортшыларды дайындағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз: Володар орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі— Трум В. В. және Дружба ауылдық округі әкімі аппаратының спорт әдіскері — Арсланов С. Р.
Сіздің кәсібилігіңіздің, қолдауыңыздың және адалдығыңыздың арқасында біздің спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізе алды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/998191?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау