📚 Ардагер ұстаздарға арналған облыстық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 16 мамырында Бөкей ордасы ауданында «Ұстаз ұлылық емес, ұлы қызмет» тақырыбында ардагер ұстаздарға арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — ардагер педагогтердің тәжірибесін насихаттап, жас мұғалімдерге үлгі ету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және білім саласына елеулі еңбек сіңірген тұлғаларға құрмет көрсету.

Семинарға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, облыстық білім саласы ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы Қанат Қырықбаев және БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев арнайы қатысып, ардагер ұстаздарға көрсетіліп жатқан құрметтің ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында Орал қаласының білім саласы ардагерлер ұйымының жетекшісі Гүлнара Аймағанбетова және Жәнібек аудандық ардагерлер ұйымының жетекшісі Дина Сапашева құнды ойларымен бөлісіп, баяндамалар жасады. Ардагер ұстаздарға білім саласына қосқан үлестері үшін облыстық білім басқармасы атынан алғыс хаттар табысталып, кәсіподақ ұйымы белсенді қызметкерлерді марапаттады.
Семинар алдында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауылдық мәдениет үйі алаңындағы “Боздақтар” композициясы мен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналған алғашқы ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/998306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version