🔰 АРЫС: «АРЫССКОЕ ВАГОНОРЕМОНТНОЕ ДЕПО» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰 АРЫС: «АРЫССКОЕ ВАГОНОРЕМОНТНОЕ ДЕПО» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
📌 2025 жылдың 15 мамырындағы кезекті кездесуді Департамент басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы және мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы Арыс қаласындағы «Арысское вагоноремонтное депо» ЖШС-нің жұмысшыларымен ұйымдастырды.
📌 Басшының орынбасары Берік Серікбайұлы еңбек ұжымына аталмыш кездесудің мақсаты мен міндетін түсіндіре отырып, Департаментпен бекітілген «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті.
📌 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің басым бағыттарын түсіндіруде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарын негізге ала отырып, өңірдегі кәсіпорындарда жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасады.
📌 МЕИ Дамир Серғазыұлы өз баяндамасында Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтарға, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/997822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version