2025 жылдың мамыр айындағы азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Есжанов, Б.Сыздықов, Н.Тұрғанбаев, Ә.Әбдіғабит, И.Басықараев, Р.Ысқақова қабылдаулар өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың мамыр айындағы азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Есжанов, Б.Сыздықов, Н.Тұрғанбаев, Ә.Әбдіғабит, И.Басықараев, Р.Ысқақова қабылдаулар өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, уақыт күттірмей шешуге жататын сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар қабылдаулардағы зерделеніп шешілетін мәселелер бойынша, мәслихат депутаттары құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.
Атап айтқанда:
– Талсуат ауылдық округінің негізгі көшелеріне жол қозғалысы қауіпсіздіген қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау құрығыларын орнату және Байкенжеев пен Алматы көшелері бойына балалар ойын алаңдарын салу;
– № 120 орта мектеп аумағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
– Тайманов көшесінің соңғы жағындағы қоғамдық көліктер тоқтап тұратын аумаққа аялдама орнату;
– У.Байменов көшесін, С. Лапин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– Қорқыт ата 11 көшесін, Жас алаш көшесінен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– Қайта жаңғыртудан өткізілген, А.Тоқмағанбетов көшесі №22 көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан жауын шашын кезінде су кететіндігі, аулаға кіретін көліктерге шектеу белгілерін және бейнебақылау қондырғыларын орнату;
– Шұғыла мөлтек ауданы №17 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтау барысындағы туындаған мәселелер, ескі қоршауларды алып, автотұрақ салу;
– Санаториялық демалыс орындарына ардагерлерге жеңілдіктер қарастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/997676?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version