2025 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың қатысуымен өткен «Бір ел – бір мұра: бейбітшілік пен өркендеу жолында» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Парламенті «Бір ел – бір мұра» депутаттық тобының кеңейтілген отырысы ZOOM режимінде өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырысқа Қостанай облыстық мәслихатынан мәслихат төрағасы Ещанов С.Е. және тұрақты комиссиялардың төрағасы М.С. Жутаев қатысты.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ облыстық және қалалық деңгейдегі мәслихаттардың төрағалары қатысты.

Отырыс барысында ұлттық бірлікті нығайту мәселелері, қоғамдық келісімді дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, сондай-ақ депутаттық топтың қызметін 2030 жылға дейін жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері талқыланды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне халықтық дипломатияның маңызды платформасы ретінде дайындалуға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/997985?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version