Ел Президенті 2025 жылды Еңбекші мамандықтар жылы деп жариялады — бұл еңбек адамдарының ел дамуына қосқан үлесін мойындаудың белгісі.
Осыған орай «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық кітапханада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттерінің қатысуымен «Еңбек адамы — ел мақтанышы» атты кездесу өтті.
Кездесуге Гүлбаршын Мұқанова — «НОВОПЭК» ЖШС-нің тігін цехының ауысым шебері, Өмірбай Бейсенов — «ҚТЖ» АҚ жол жөндеушісі, Қанат Сегізбаев — жылу технигі қатысты.
Қонақтар тыңдаушыларға адал әрі шынайы еңбек етудің маңыздылығы туралы айтып, өз мамандықтарының маңыздылығы мен еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Өмірбай Бейсенов кез келген мамандықтың артында үлкен еңбектің тұратынын атап өтіп, әр адам өз жұмысын адал атқаруы керектігін жеткізді. Тек осындай ұстаным арқылы нағыз маман атанып, ұжымда сый-құрметке ие болуға болатынын айтты. Қонақтар жастарға адал, еңбекқор және мақсатшыл болуға кеңес берді.
Кездесу соңында кітапхана меңгерушісі Бақытжан Айдосова студенттерді жұмысшы мамандықтарының еңбегіне құрметпен қарауға шақырды. Себебі дәл осы жандардың тынымсыз еңбегі арқылы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/998379?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау