Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындары назарына!
2025 жылғы 22 мамырында сағат 10.00-ге Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимаратында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен тыс 21-сессиясы белгіленді.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, 6, мәжіліс залы.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 15-92/VIII «Мақаншы ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIIІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қарашадағы № 13-84/VIIІ «Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Әр түрлі мәселелер.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-да басталады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 09.20-да өткізіледі.
Мақаншы ауданы
мәслихатының төрағасы Б.Биболов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/makanshy-maslihat/press/news/details/998422?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау