ХҚКО бірінші басшыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті елорда тұрғындарына қызмет көрсету орталықтарының бірінші басшылары үшін оқыту дәрісін өткізді.

Іс-шара халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелердің басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері қатысушыларды мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларымен, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық стандарттарымен таныстырды.

Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруда және мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етуде басшылардың жеке үлгісінің маңыздылығын атап өтті.

Бұл іс-шара ХҚКО басшы құрамының біліктілігін арттырудың ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болды және елорда азаматтарына қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/998504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version