2025 жылы 15 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мамандары арасында онлайн форматта интернет-алаяқтық фактілерінің алдын алу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс істеу тәртібін сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау жөнінде семинар өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты — интернет-алаяқтықтың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізу.
Іс-шараны Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары, А.Сералы ашып, интернет-алаяқтық жаһандық мәселеге айналып отырғандығын, ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай алатынымызды атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі ең маңызды факторлардың бірі ретінде мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау және заңнаманы қатаң орындау әрбір қызметкердің адал жұмысының кепілі екендігі туралы пікір білдірді.
Семинар барысында интернеттік – алаяқтық және мемлекеттік мекемелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Н.М. Қыдырбаев ақпараттық қауіпсіздік – тек IT-мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың, әрбір ұйымның ортақ жауапкершілігі және ақпаратқа мұқият қарау өзімізді, қоғамды және елді киберқауіптерден қорғаудың негізгі жолы екенін атап өтті.
Сөз сөйлеу барысында интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, жұмыс, оқу, сауда-саттық, байланыс бәрі желі арқылы жүзеге асатыны және бұл мүмкіндіктермен қатар, интернеттік алаяқтық сияқты жаңа қауіптер де пайда болатын жөнінде ақпарат берді.
Семинардың қорытындысында әрбір азамат киберқауіптерден қорғану мәдениетін қалыптастырып, өз мәліметтеріне жауапкершілікпен қарап, алаяқтардың арбауына түспеу – сіздің сақтығыңыз бен саналы әрекетіңізге байланысты екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/998442?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау