«Мерейлі отбасы – 2025» облыстық ұлттық конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары! 2025 жылғы 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мен 15 маусым күндері аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдануда.

“Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеуге, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми бағытта жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы іске қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) Жетісу облысында тұратын отбасылар қатыса алады.

Толық ақпаратты аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.

#Otbasym2025

Ақсу ауданы – 8 (72832) 2-14-12;

Алакөл ауданы – 8 (72833) 2-16-33;

Ескелді ауданы – 8 (72836) 3-19-39;

Қаратал ауданы – 8 (72834) 2-01-23;

Кербұлақ ауданы – 8 (72840) 4-00-39;

Көксу ауданы – 8 (72838) 2-02-47;

Панфилов ауданы – 8 (72831) 5-19-86;

Сарқан ауданы – 8 (72839) 2-18-82;

Талдықорған қаласы – 8 (7282) 24-73-31;

Текелі қаласы – 8 (72835) 4-40-38.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/998458?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version