Өскемен қаласында «KAZ MINERALS HALF MARATHON» қалалық жарысы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 25 мамырда Өскемен қаласында көктемнің ең ауқымды спорттық шараларының бірі — «KAZ MINERALS HALF MARATHON» қалалық жартылай марафоны өтеді. Жарыс дәстүрлі түрде Республика алаңынан басталады. Таңертеңнен бастап жүздеген қатысушы мен жанкүйер жиналады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар үш қашықтық бойынша жарыс ұсынады:

• RUN 5 / NORDIC 5 — 5 км (12 жастан бастап);
Басталуы: 08:00 | Бақылау уақыты: 1 сағат
• RUN 10 / NORDIC 10 — 10 км (16 жастан бастап);
Басталуы: 08:10 | Бақылау уақыты: 2 сағат
• RUN 21.1 — Жартылай марафон (18 жастан бастап);
Басталуы: 08:10 | Бақылау уақыты: 3 сағат

Жарыс кәсіби спортшыларға да, салауатты өмір салтын ұстанатын әуесқойларға да ашық. Ерекше назар скандинавиялық жүріске аударылып отыр — ол екі санатта қамтылған.

Қатысушыларды тіркеу athletex.kz платформасында ашық. Жарыс жаңалықтарын @oskemen_halfmarathon парақшасынан бақылауға болады.

Жартылай марафонның басты мақсаты — бұқаралық спортты насихаттау, халықтың денсаулығын нығайту және өңірде жүгіру қозғалысын дамыту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/998437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version