Сарқан ауданында грек-рим күресінен жасөспірім ұлдар арасында КСРО спорт шебері Капсаламов Бақытай Рамазанұлын еске алуға арналған республикалық турнир басталды.
Жарысқа еліміздің 8 облысынан спортшылар қатысуда. Бұл жолы боз кілем төрінде 300-ге жуық жас саңлақ бақ сынайтын болады.
Шараның ашылу салтанатына Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы, Бақытай Рамазанұлының отбасы, туған-туыстары, дос-жарандары арнайы қатысты.
Айта кетсек,жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, жеңіске жеткен спортшыларға «СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР» атағы беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-pcsport/press/news/details/997959?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау