Бүгін Жаңақала ауданында облыстық деңгейдегі “Janaqala cup” пікірсайыс турнирі басталды. Бұл зияткерлік дода — жастардың ой-өрісін дамыту, шешендік қабілетін шыңдау және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруды мақсат еткен маңызды шара.
Турнирдің ашылу салтанатында Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Муканов сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Ол жастардың білімге, пікір алмасуға деген құлшынысын жоғары бағалап, сәттілік тіледі.
Шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан келген 12 команда қатысуда. Олар түрлі өзекті тақырыптар бойынша пікір таластырып, ой-пікірлерін дәлелдеуде. Турнирдің өту барысы тартысты әрі мазмұнды болуда.
Аталған пікірсайыс додасы — облыстағы жастар қозғалысының белсенділігін арттырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін игі бастама болып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/997954?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау