Шомылу маусымының ашылуы қарсаңында Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп халық арасында, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған арнайы рейдтер жүргізеді. Сонымен қатар, оқушылар үшін қауіпсіздік бойынша интерактивті сабақтар ұйымдастырылуда.
Су айдындарында және шомылуға тыйым салынған орындарда қауіпсіздікті арттыру үшін арнайы белгілер орнатылады, сондай-ақ жағажайлардың түбін тексеру жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы шомылу маусымы кезінде облыста 6 адам суға батып кетті, оның ішінде 3 бала, 2024 жылы – 5 адам, бірақ балалар өлімі тіркелген жоқ.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда, тыйым салынған жерлерде шомылмау, мас күйінде суға түспеу және балаларды қараусыз қалдырмау — қауіпсіз демалу мен өмірді сақтаудың негізгі шарттары.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/997730?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау