Адал еңбек – адал табыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Адал еңбек – адал табыс» атты өзекті диалог өткізілді.

Шараға «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Виленұлы Айтмұқаш, жас кәсіпкер, тігінші-дизайнер Аружан Сейлханқызы Советова мен кәсіпкер Айдын Серікқазыұлы Серікқазы және №31 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

 Шара барысында кітапхана қызметкері жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау керектігін айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жарлығымен биыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланғанын атап өтті. Сонымен қатар жұмысшы мамандар деп кәсіби білім алған, өз мамандығын терең меңгеріп, дағдыланған азаматтарды және кәсіби білім алу арқылы белгілі бір мамандықты шебер игерген адамды жұмысшы мамандық иесі екендігін баса айтты.

Әрі қарай, қатысушылардың назарына тігінші, тамақтану және қонақ үй қызметі қызметкерлерінің кәсібімен, жұмысшы мамандықтары туралы қысқаша мәліметтер ұсынылды.

Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс – деп Айтмұқаш Алмас Виленұлы сөз кезегінде барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек жəне іскерлік. Сондықтан барша еңбек адамы қоғамның бар құрметіне лайық. Сонымен қатар, алдағы жылдары өз ісін ашуды, қызмет саласын өзгертуді немесе мамандығы бойынша тәжірибе жинауды армандайтын әрбір қазақстандықтарға мемлекет тарапынан елеулі қолдау қарастырылғанын жеткізді.

Шараның жалғасын қазақтың бал қымызынан балмұздақ жасап еңбек етіп, табыс көзін тауып жүрген жас кәсіпкер Айдын Серікқазыұлы Серікқазы сөз кезегінде өзінің еңбегінің алғашқы қадамдары жайлы айта отырып, жасап жатқан қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығына тоқталып, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие екендігін жеткізе отырып, ең  бастысы халықтың қолдап, сұранысқа ие болып отырғандықтан, оны одан ары дамыту өз қолымызда, – деп әңгімесін аяқтады кәсіпкер.

Он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлерін оқырмандарға таныстырып, ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында дизайнер – тігінші Аружан Сейлханқызына сөз кезегі берілді. Ол әрбір жастың алдында мамандық таңдау дейтін маңызды қадам тұратынын және сол бағытты дұрыс таңдай білу керектігін айтты. Ең бастысы адамның жігері мен ынтасы, өзіне деген сенімі мол болса, кішкене ғана кәсіптен, таудай табысқа кенеліп жатқандығын жеткізіп, өзінің тіккен бұйымдарын көрсетіп, жастардың қызығушылықтарын арттырды.

Іс-шара соңында жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды, әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керектігі туралы айтылып, экраннан «Мен таңдаған мамандық» атты видеоролик  көрсетіліп, кітаптармен таныстырылды.

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/997497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version