«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14.05.2025 жылы облыс орталығында, Республика алаңында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді. Акцияға қала тұрғындарымен қатар, ауыл тұрғындары да тегін заңгерлік кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Өтініштер түрлі мәселелерге қатысты болды. Азаматтардың басым бөлігі интернет-алаяқтық, жеке тұлғалардың банкроттығы, сот шешімдерінің орындалмауы немесе әділетсіздігіне байланысты көмек сұрады.
Көпшілік мұндай шараның қолжетімді жерде өтуін оң бағалап, ризашылықтарын білдірді. Кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындардың өзі тоқтап, заңгерлік көмек алып, құқықтық мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Өтініш білдірген азаматтардың барлығына облыстың заңгерлері, адвокаттары, жеке сот орындаушылары, нотариустары кәсіби жауап берді.
Мұндай бастамалар тек бір реттік акция емес, халықпен ашық диалог орнатудың тиімді жолы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/997079?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version