Анықтаушыларға заңнаманы зерделеу бойынша сабақтар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Анықтаушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында оқыту сабақтары Павлодар облысы ТЖД-да прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Сот сараптамалары институты, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі сот өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

          Осы іс-шаралар шеңберінде тергеу органдары, қадағалау ведомствосы мен сот сатылары арасындағы өзара іс-қимыл практикасына, сондай-ақ қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы жағдайында анықтаушының өкілеттіктерін іске асыру ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қаралды.

Сабақ барысында қатысушылар практикалық мысалдарды талқылап, кәсіби тәжірибелерімен алмасты, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу барысында туындайтын өзекті сұрақтарға жауап алды. Осылайша, сот сараптамалары институтының өкілдері сараптама жүргізудің заманауи тәсілдерін ұсынды және дәлелді маңызы бар қорытындыларды ресімдеу ерекшеліктерін түсіндірді.

Мұндай іс – шараларды өткізу ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, құқық қолдану практикасына бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің сапасын арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті облыстың ТЖ департаменті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/996626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version