15 Мамыр – Халықаралық отбасы күні
Бүгін қаламызда Халықаралық отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптейтін тағылымды іс-шара өтті.
Салтанатты шарада Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы құттықтау сөз сөйлеп, отбасының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде көпбалалы аналардың еңбегіне ерекше тоқталып, алғыс білдірді.
Іс-шара аясында көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды.
Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ұлттық тәрбиенің негізі. Берекелі отбасы – баянды болашақтың кепілі. Мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.
Баршаңызды Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір шаңырақта шаттық пен ырыс орнасын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/996561?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау