Бюджетті тиімді пайдалану туралы семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде мемлекеттік қаржының рөліне арналған семинар ұйымдастырды. Шараға Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық ұйымдар мен жергілікті өкілді органдардың өкілдерімен бірге Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы Сәуле Сұрағанова қатысты.

БҰҰ Даму бағдарламасы мен Экономикалық зерттеулер институтының бірлескен талдауы көрсеткендей, Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің шамамен 80 пайызы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Бұл орнықты даму мәселесі халықаралық міндеттемеден бөлек, еліміздің ұлттық қаржы саясатының ажырамас бөлігіне айналғанын білдіреді.

Семинарға қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Олардың қатарында – бюджеттік сыныптаманы бейімдеу қажеттігі, мекемеаралық үйлестірудің әлсіздігі, шығыстардың тиімділігін бағалауға қажетті деректердің тапшылығы және өңірлік ерекшеліктерді есепке алудың жеткіліксіздігі бар.

Семинар тәжірибе алмасуға, халықаралық тәсілдерді талқылауға және нақты практикалық ұсынымдар әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар Парламенттің, әсіресе Сенат пен Парламенттік комиссияның Орнықты даму мақсаттарына бағытталған ашық, жауапты және мақсатты бюджет саясатын қалыптастырудағы шешуші рөлін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/997529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version