«Дипломмен ауылға!»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Қолдауға ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға ниет білдірген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандары, қалаларда және өзге де елді мекендерде тұратын ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері ие бола алады.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алудың негізгі шарттарының бірі құжаттарды тапсыру кезінде алушы дипломды маман болып, мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мамандардың өтініш берген күні бойынша кезектілік тәртібімен және кадр тапшылығын шешу үшін алдағы кезеңге қажетті мамандықтар санаттарын айқындау үшін ауданның жергілікті атқарушы органы қалыптастыратын қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Маман үшін негізгі талап келісім бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарында, ауылдық елді мекенде орналасқан ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратында кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесін қабылдау болып табылады.

Келiсiмнiң шарттары орындалмаған кезде көтерме жәрдемақы, бюджеттiк кредит алушы бюджет қаражатының толық көлемде қайтарылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер тұлғаға Баспана Маркет www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында ЭЦҚ-кілтімен қол қою арқылы өтініш беру және мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

– өтініш;

– жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

– білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 – көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

2) тұрғын үй сатып алуға  бюджеттік кредит алған кезде:

 – өтініш;

 – жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

– білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 – көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 – неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 – несие бюросының есебі.

3) тұрғын үй  салуға бюджеттік кредит алған кезде:

 – өтініш;

 – жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

– білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 – көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 – неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 – несие бюросының есебі.

2025 жылы әлеуметтік қолдау көлемі:

1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы – 393 200 теңге;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бюджеттік кредит:

 Денисов ауданының әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекенде айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада – 9 830 000 теңге;

ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада-7 864 000 теңге.

Әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушыларға:

– бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық мерзімі өткен жоқ.

– өтініш беру сәтінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша;

– келген маман жұмыс істейтін елді мекен жататын ауданда (облыстық маңызы бар қалада) маманнан, оның жұбайынан(зайыбынан) және балаларынан өтініш берген күннен бастап соңғы екі жылда тұрғын үйі жоқ адамдарға ұсынылады.

Бюджеттік кредит жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Жақын туыстарынан тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ маман тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға жол берілмейді.

Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.  

Толығырақ ақпаратты  8(71434)2-12-63 телефоны арқылы алуға болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/997413?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version